$ 458.87  535.09  5.42

Еркебұлан Тоқтар мен Бобиржон Исроилов салмақ өлшеу рәсімін өткізді

Жекпе-жек ертеңге жоспарланған.  

Фото: instagram/erkebulan_toktar
Фото: instagram/erkebulan_toktar

Қазақстандық танымал актер әрі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар мен өзбекстандық спортшы Бобиржон Исроилов ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтіп, кездесу алдындағы алғашқы сынақты артта қалдырды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Қос жауынгер ертең 28 тамыз күні кәсіпқой бокс ережесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Еркебұлан Тоқтардың бұған дейінгі жекпе-жегі ресейлік Артем Тарасовқа қарсы өткен болатын.

Ол қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді. 28 тамыз күні Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бокс кешінде Еркебұлан Тоқтардан бөлек, кәсіби былғары қолғап шеберлері, ел намысын талай додада қорғаған әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Шараға кіру тегін. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0