27.08.2026, 15:00

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Хорватиядағы турнирде екінші орын алды

Фото: ҚР ҰОК

Спортшы U13 жас санатында екінші орынға ие болды.

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Хорватияның Вараждин қаласында өткен WTT Youth Contender сериясындағы турнирде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Спортшы U13 жас санатында екінші орынға ие болды.

Ол турнир барысында Жания Эма Калужаны (Словения) — 3:0, Зита Петровичті (Хорватия) — 3:0, Сара Серпаны (Румыния) — 3:0, Стелла Пресецкиді (Хорватия) — 3:0, Линь Цзяцзюньді (Сингапур) — 3:0, Изабела Пастинаны (Румыния) — 3:0 есебімен жеңді.

Финалда қазақстандық спортшы Лизетт Фазекашқа (Хорватия) 1:3 есебімен есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

 

Тегтер: турнир теннис