27.08.2026, 10:40

Қазақстандық спортшының сыйақы дауы аяқталды

Фото: Tengrisport

Спортшы бұған дейін 2025 жылы Ташкентте өткен екі жарысқа қатысқаны үшін төлем ала алмағанын айтқан болатын.

Жеңіл атлетикадан Қазақстанның бес дүркін Азия чемпионы Аделина Земс бірнеше айға созылған даудан кейін Өзбекстан жеңіл атлетика федерациясынан тиесілі сыйақысын алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Спортшы бұған дейін 2025 жылы Ташкентте өткен екі жарысқа қатысқаны үшін төлем ала алмағанын айтқан болатын. Аделина Земс 21-22 маусымдағы Arzumanov Memorial турниріндегі жеңісі үшін 500 доллар, ал 16-17 тамызда өткен Road to Tokio жарысына қатысқаны үшін тағы 1000 доллар алуы тиіс еді.

Өзбекстан жеңіл атлетика федерациясы төлемнің кешігуін басшылықтың ауысуы және демеушілер іздеу жұмыстарымен түсіндірген. Ұйым қарызды бірнеше рет өтеуге уәде бергенімен, спортшы өз сыйақысын тек жарыстар өткеннен кейін бір жылға жуық уақыт өткен соң ғана алған.

Аделина Земстің айтуынша, маусым және тамыз айларында өткен екі жарыс үшін төлем толық жасалған.

«Оған дейін екі рет төлем жасаймыз деп уәде берген болатын», – деді спортшы.

Аталған жағдайға қарамастан, Аделина Земс болашақта Өзбекстандағы жарыстарға қатысуды жалғастыратынын айтты.