$ 458.48  534.68  5.43

Қазақстандық қақпашы Әзербайжан клубымен бірге Чемпиондар лигасына шықты

«Сабах» тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасына шықты. 

Фото: Oxu.Az.
Фото: Oxu.Az.

Қазақстан құрамасы мен әзербайжандық «Сабах» клубының қақпашысы Стас Покатилов Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алғаннан кейін әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық қақпашы бұл жетістікке әлі де сене алмай жүргенін айтып, команданың киім ауыстыратын бөлмесінде ерекше көңіл күй орнағанын жеткізді.

«Эмоцияны сөзбен жеткізу қиын. Әлі де сенер емеспін. Менің де, бүкіл команданың да ортақ арманы орындалды. Қазір киім ауыстыратын бөлмеде нағыз дүрбелең болып жатыр, ол әлі де жалғасатын сияқты. Бәріміз бірге жиналып, бұл жеңісті міндетті түрде атап өтеміз. Енді жеребені күтіп, келесі кезеңге дайындаламыз. Біздің ертегіміз жалғасып жатыр», – деді Покатилов Tenbildop.kz-ке берген сұхбатында.

Ол Қазақстан құрамасына қайта шақырылу мүмкіндігіне де тоқталды.

«Кеңейтілген тізімге ендім, бапкерлермен сөйлестім. Әрдайым айтатынымдай, егер ұлттық құрамаға шақырту алсам, өте қуанышты боламын. Кез келген спортшы үшін өз елінің намысын қорғау – ең биік деңгей», – деді қақпашы.

Айта кетейік, «Сабах» Чемпиондар лигасының іріктеу плей-офф кезеңіндегі қарымта матчта Израильдің «Хапоэль» командасын қосымша уақытта 5:2 есебімен жеңді.

Алғашқы кездесуде әзербайжандық клуб 1:2 есебімен есе жіберген еді. Алайда жауапты матчтағы сенімді ойынның арқасында «Сабах» қос кездесудің қорытындысында 6:4 есебімен басым түсіп, клуб тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0