Файтер ауыр жарақат алған.
UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев Иэн Мачадо Гэрримен өткен титулдық жекпе-жектен кейін медициналық себепке байланысты 30 күнге жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Пенсильвания штатының Атлетикалық комиссиясы осындай шешім қабылдаған. Бұған Махачевтің жекпе-жек барысында қабырғасынан ауыр соққы алуы себеп болған.
Ислам 16 тамызда UFC 330 турнирінде Иэн Мачадо Гэрриді бес раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Төрешілер кездесуді 49:46, 49:46 және 48:47 есебімен ресейлік файтердің пайдасына бағалады.
Осылайша Махачев чемпиондық белбеуін сақтап қана қоймай, UFC-дегі қатарынан 17-жеңісіне қол жеткізді. Бұл нәтиже промоушен тарихындағы рекордтық сериялардың біріне айналды.