$ 460.13  532.6  5.42

«Қайрат» байыды: Чемпиондар лигасынан түскен табыс белгілі болды

Команда бұл кезеңге іріктеудің төрт сатысынан өтіп, жолдама алған.

фото: «Қайрат» ФК
фото: «Қайрат» ФК

Алматылық «Қайрат» 2025/26 жылғы маусымда клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Команда бұл кезеңге іріктеудің төрт сатысынан өтіп, жолдама алған.

Тарихи нәтижесі үшін клуб УЕФА-дан қомақты қаржылай сыйақыға ие болды. Негізгі кезеңге шыққаны үшін «Қайратқа» 18,62 миллион еуро, яғни шамамен 11,2 млрд теңге төленген.

Бұған қоса, «Пафоспен» өз алаңындағы 0:0 есебі үшін 700 мың еуро сыйақы алған. Сондай-ақ клубқа трансляциялық құқықтар, рейтингтік коэффициент және еурокубоктардағы соңғы он жылдағы көрсеткіштеріне байланысты төлемдер қарастырылған.

Осы негізгі түсімдерге телехабар тарату, маркетинг, билет пен клуб атрибутикасын сатудан түскен қаражат қосылған. Нәтижесінде «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы жалпы табысы 35 миллион долларға жуықтаған.

Айта кетейік, УЕФА бұған дейін Қазақстанның 13 футбол клубына да 596 мың еуродан төлеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0