$ 464.02  536.18  5.54

Ислам Махачевтен тарихи жеңіс: UFC-дегі рекорд жаңарды

Кездесу соңында төрешілер бірауыздан Махачевті жеңімпаз деп таныды.

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Ресейлік ММА шебері Ислам Махачев Филадельфияда өткен UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегінде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді жеңді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Махачев бұл кездесуде жартылай орта салмақтағы UFC чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғады. Бес раундқа созылған жекпе-жекте ресейлік спортшы екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді.

Кездесу соңында төрешілер бірауыздан Махачевті жеңімпаз деп таныды. Үш төрешінің есебі – 49:46, 49:46 және 48:47.

Осы жеңісінен кейін 34 жастағы Махачев қатарынан 17-ші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, UFC тарихындағы жаңа рекорд орнатты. Бұған дейін бұл көрсеткіш 16 жеңіспен бразилиялық Андерсон Силваға тиесілі болған.

Махачевтің кәсіпқой ММА-дағы жалпы рекорды қазір 29 жеңіс және 1 жеңілісті құрайды. Ол бұған дейін жеңіл салмақта UFC чемпионы атанған.

Ал 28 жастағы Иэн Мачадо Гэрри кәсіби мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Ирландиялық файтердің алғашқы жеңілісі қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жекте тіркелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0