10.08.2026, 14:20

Мессидің әкесін жерлеу рәсімі дау тудырды: футболшы БАҚ-ты сотқа бермек

Фото: footynewsonly

Қоштасу рәсімі жабық форматта өтіп, оған футболшының жақын туыстары мен достары ғана қатысты.

Лионель Месси 9 тамызда туған жері Росарио қаласында әкесі Хорхемен қоштасты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қоштасу рәсімі жабық форматта өтіп, оған футболшының жақын туыстары мен достары ғана қатысты.

Аргентиналық Clarin басылымының мәліметінше, Хорхе Месси ұзақ уақыт бойы ауырғаннан кейін 7 тамызда 69 жасында өмірден өткен.

Жерлеу рәсімі кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, аумақта көптеген күзет қызметкері кезекшілік атқарған.

Алайда аргентиналық БАҚ өкілдері қоштасу рәсімінен жасырын фотосуреттер түсіріп, оларды жариялаған. Бұл жағдай Лионель Мессидің наразылығын тудырған.

Championat мәліметінше, футболшы отбасының жеке өміріне қол сұғылды деп есептеп, рәсімнен жасырын суреттер таратқан БАҚ өкілдерін сотқа беруді жоспарлап отыр.

Бұған дейін Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеген еді.