22 мен 27-қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Shenzhen Bay Sports Center аренасында қазақстандық теннисшілер әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды.
Billie Jean King Cup командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының ресми тізімі шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 22 мен 27-қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Shenzhen Bay Sports Center аренасында қазақстандық теннисшілер әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды. Қытайда өтетін әлем чемпионатында еліміздің намысын әлемдік рейтингтің топ-10 өкілдерімен қатар, болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылар да қорғайды. Ұлттық құрама сапында:
Елена Рыбакина (WTA рейтиңінде №2) Анна Данилина (жұптық санатта №6) Юлия Путинцева (WTA рейтиңінде №81) Жібек Құламбаева (WTA жұптық санатта №115) Соня Жиенбаева (WTA рейтиңінде №735)Капитан – Юрий Щукин Қазақстан құрамасы (BJKC рейтиңінде 7-орында) турнирдегі алғашқы матчын Испания құрамасына (BJKC рейтиңінде 4-орында) қарсы өткізеді. Ширек финалдық ойын 23 қыркүйекте сағат 14:00-де (Қазақстан уақытымен) басталады. Әрбір текетірес екі жекелей кездесу және бір жұптық ойынды құрайтын үш матчтан тұрады. Матчтардың толық кестесі Уақыт Қытайдың стандартты уақытымен (CST) көрсетілген. 22 қыркүйек (сейсенбі) Чехия — Ұлыбритания (17:00) — бірінші ширек финал 23 қыркүйек (сәрсенбі) Қазақстан — Испания (17:00) — екінші ширек финал 24 қыркүйек (бейсенбі) Украина — Бельгия (10:00) — үшінші ширек финал Қытай — Италия (17:00-ден кейін) — төртінші ширек финал 25 қыркүйек (жұма) Бірінші жартылай финал (17:00) Бірінші ширек финалдың жеңімпазы — екінші ширек финалдың жеңімпазына қарсы 26 қыркүйек (сенбі) Екінші жартылай финал (17:00) Үшінші ширек финалдың жеңімпазы — төртінші ширек финалдың жеңімпазына қарсы 27 қыркүйек (жексенбі) Финал (17:00) Еске салайық, Қазақстан құрамасы биыл сәуір айында өз алаңында Канада құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алған еді. Турнирдің соңғы жеңімпазы — Италия құрамасы.