30.07.2026, 18:20

Айша Әбдімәлік әлем чемпионатының финалына шықты

Фото: olympic.kz

Енді қазақстандық спортшы чемпиондық атақ үшін Моңғолия балуаны Ариунул Болдбаатармен белдеседі.

Қазақстандық балуан Айша Әбдімәлік Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы күрестен әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айша жартылай финалда Грекия өкілі Василики Каравануды айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Енді қазақстандық спортшы чемпиондық атақ үшін Моңғолия балуаны Ариунул Болдбаатармен белдеседі.

Ал 49 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Аянат Мейнамбай қола жүлдеге таласады. Оның жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы кейінірек анықталады.