26.07.2026, 18:30

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралатынын айтты

Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Ол бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазды.

Қазақстандық ММА файтері, OKTAGON лигасының чемпионы Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуды жоспарлап жүргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазды.

"Қаласаңыз да, қаламасаңыз да, мен UFC-ге ораламын. Иншалла. Жыл аяғына дейін. Уақыт көрсетеді", - деді спортшы.

Еске салайық, қазақстандық спортшы UFC-мен алғаш рет 2020 жылғы ақпанда келісімшарт жасасып, онда жеті жекпе-жек өткізді. 2023 жылғы шілдеде 1-6 рекордымен лигадан кеткен болатын. Ол Раулиан Пайва, Амир Альбази, Манел Капе, Джефф Молина, Чарльз Джонсон және Джошуа Ваннан жеңіліп, жалғыз жеңісіне Джером Ривераны қылқындыру әдісімен жеңіп қол жеткізген еді.