24.07.2026, 12:00

«Канело емес»: Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақтағы бірінші қарсыласын таңдады

Фото: offside.kz/box / Нургали Жумагазы

Бұл шешім командасымен, промоутерлері және менеджерлерімен жан-жақты ақылдасқаннан кейін қабылданған.

Жеңілістің ащы дәмін татпаған қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмаққа ауысу туралы шешімінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

33 жастағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы жаңа салмақ дәрежесінде де чемпиондық белбеу жеңіп алуды көздейтінін айтты. Оның басты мақсаттарының бірі – мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасу. Сондай-ақ ол WBO чемпионы Хамза Ширазбен де кездесуге ниетті.

Әлімханұлының сөзінше, бұл шешім командасымен, промоутерлері және менеджерлерімен жан-жақты ақылдасқаннан кейін қабылданған.

«Басты себептердің бірі – Канелоның дәл осы екінші орта салмақта өнер көрсетуі. Кәсіпқой мансабымды бастаған сәттен бері онымен қолғап түйістіруді армандадым. Сонымен қатар бұл дивизионда Хамза Шираз да жұдырықтасады. Ол да орта салмақтан жоғары көтерілді. Промоутерлерімізбен және менеджерлерімізбен кеңесе отырып, осындай шешімге келдік. Алланың қалауымен бұл салмақта да табысқа жетіп, екінші салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанамыз деп сенемін», – деді боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 12 жеңісі нокаутпен аяқталған.