21.07.2026, 16:40

Финалдан соң төбелес шығарған Паредес жазадан құтылды

Фото: 1бол

Ұйым футболшыға берілген қызыл қағаздың күшін жою туралы шешім қабылдаған.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында алаңнан қуылған Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Леандро Паредеске қатысты шешімін қайта қарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

BBC Sport таратқан ақпаратқа сәйкес, ұйым футболшыға берілген қызыл қағаздың күшін жою туралы шешім қабылдаған.

Еске салайық, Испания мен Аргентина арасындағы финалдық кездесуден кейін ойыншылар арасында жаппай жанжал туындаған еді. Қақтығыс Науэль Молинаның Испания құрамасының капитаны Родриді кеудеден итеруінен басталып, кейін екі команданың бірнеше футболшысы араласты.

Оқиға барысында Леандро Паредес Испания қорғаушысы Эрик Гарсияны мойнынан ұстап, кейін Гавимен де сөзге келген. Осы әрекеті үшін төреші оған тікелей қызыл қағаз көрсеткен болатын.

Кейіннен ФИФА аталған эпизодты қайта қарап, Паредеске берілген қызыл қағазды жою туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп, турнир 20 шілдеде өз мәресіне жетті.