10.07.2026, 16:20

«Ең алдымен чемпион атансын!»: Макгрегор Шавкат Рахмоновпен кездесуге қатысты шартын айтты

Фото: offside.kz

Ол бұл туралы Лас-Вегаста өткен ресми баспасөз мәслихатында мәлімдеді.  

UFC-дің бұрынғы қос дүркін чемпионы, ирландиялық жұлдыз Конор Макгрегор файтер Шавкат Рахмоновпен ықтимал кездесуге қатысты пікір білдірді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы Sport.kz-ке сілтеме жасап.

Баспасөз мәслихатында журналистер Конордан Шавкат Рахмоновпен айқасуға қызығушылығы бар-жоғын сұраған. Конор Макгрегор Қазақстан спортшысымен чемпиондық белбеуді жеңіп алған жағдайда ғана жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты.

"Оның ауыр жарақат алғанын білемін. Алдымен толық қалпына келуі керек. Қазір ол маған не ұсына алады? Мен ондай жекпе-жекті ойлануым үшін алдымен чемпиондық титулды жеңіп алуы тиіс. Әзірге ол оған жақын емес", – деді Конор Макгрегор.

Конор Макгрегор (22 жеңіс, 6 жеңіліс) 5 жылдық үзілістен кейін октагонға оралды. 12 шілдеде UFC 329 турнирінде америкалық Макс Холлоуэймен (27 жеңіс, 9 жеңіліс) жартылай орта салмақта кездеседі.

Ал Шавкат Рахмонов (19 жеңіс, 0 жеңіліс) аралас жекпе-жектегі (ММА) мінсіз рекордын сақтап келеді. Алайда қазіргі уақытта тізе жарақатының қайта асқынуына байланысты ұзақ мерзімді оңалту курсынан өтіп жатыр.