Оның сөзінше, халықаралық деңгейдегі спортшы қандай жағдай болса да жеңіске ұмтылуы тиіс.
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы отандасы Мұхит Амантаевтың кезекті жекпе-жегіне қатысты пікір білдіріп, боксшының өнерін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Мұхит Амантаев жақында өткен кәсіпқой кездесуінде Ануарбек Мовитадордан жеңіліп қалған болатын. Осыдан кейін жанкүйерлер арасында қызу талқылау басталып, өз пікірін Данияр Елеусінов те айтты. Оның сөзінше, халықаралық деңгейдегі спортшы қандай жағдай болса да жеңіске ұмтылуы тиіс.
«Мұхит өз сөзінде тұрмады. Айтқаны мен ісі сәйкес келмеді. Ол ұлттық құраманың абыройына нұқсан келтірді. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері ретінде тіпті бір қолмен де жеңіске жетуі керек еді», – деді Елеусінов.
Айта кетейік, жекпе-жек алдында Мұхит Амантаев қарсыласын сенімді түрде жеңетінін айтып, жанкүйерлерге уәде берген еді. Алайда рингтегі кездесу оның пайдасына шешілмей, төрешілер жеңісті қарсыласы Ануарбек Мовитадорға берді. Елеусіновтің бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бірі олимпиада чемпионының сынын орынды деп есептесе, енді бірі жарақат немесе өзге де факторларды ескеріп, Мұхитты тым қатаң сынамау керектігін айтуда. Қазіргі таңда Мұхит Амантаевтың Елеусіновтің сынына жауап беретіні немесе келесі жекпе-жекке қатысты жоспары әзірге белгісіз.