Сонымен қатар, қауымдастық басшысы әлем чемпионаты аяқталғанға дейін француз төрешілер бригадасын матчтарға тағайындамауды сұрады.
Мысыр футбол қауымдастығы (EFA) 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентинаға қарсы өткен кездесуден кейін ФИФА-ға ресми шағым жолдады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Globo басылымы хабарлады.
2:3 есебімен аяқталған матчқа франциялық Франсуа Летексье бастаған төрешілер бригадасы қазылық еткен.
EFA президенті Хани Абу Рида кездесудегі даулы төрешілік шешімдерге байланысты жан-жақты тексеріс жүргізуді талап етті. Атап айтқанда, ол Мысыр құрамасының есепке алынбаған голы мен Аргентинаның үшінші добының алдында Мысыр пайдасына белгіленуі мүмкін болған пенальти эпизодына назар аударды.
Сонымен қатар, қауымдастық басшысы әлем чемпионаты аяқталғанға дейін француз төрешілер бригадасын матчтарға тағайындамауды сұрады.
Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы – Аргентина құрамасы. Команда 2022 жылы Катарда өткен әлем біріншілігінің финалында Франциямен 3:3 есебімен тең түсіп, пенальтилер сериясында 4:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.