$ 480.72  548.07  6.14

Дастан Сәтбаевтың «Челсидегі» алғашқы фотолары жарияланды (ФОТО)

Футболшымен «Қайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаев кездесіп, естелік суретке түсті.

Фото: Спорт Шредингера
Фото: Спорт Шредингера

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтбаевтың Лондондағы «Челси» клубының Кобхэм оқу-жаттығу базасынан алғашқы фото және видеолары жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Футболшымен «Қайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаев кездесіп, естелік суретке түсті.

Боранбаевтың айтуынша, Дастанның көңіл күйі жақсы, ол жаңа командадағы жаттығу процесіне толықтай кіріскен. Оның сөзінше, Қазақстан чемпионатының ортасында келгендіктен, Сәтбаев Лондонға жақсы физикалық қалыпта жеткен. Бұл оған жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, клуб басшысы қазақстандық жас футболшылардың Еуропаның үздік клубтарында ойнауға толық әлеуеті бар екенін атап өтіп, Дастанның жетістігі мыңдаған жас спортшыға мотивация болатынына сенім білдірді.

фото: Спорт Шредингера

Ал The Athletic басылымының мәліметінше, жаңа бас бапкер Хаби Алонсо Дастан Сәтбаевқа негізгі құрамның маусым алдындағы дайындық кезеңінде өзін көрсетуге мүмкіндік бермек.

Басылымның хабарлауынша, трансфердің ресми жариялануы 12 тамыздан кейін болады. Өйткені ФИФА талаптарына сәйкес, келісімшарт футболшы 18 жасқа толған соң ғана заңды күшіне енеді.

Еске салайық, Дастан Сәтбаев 27 маусым күні анасымен бірге Лондонға аттанған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0