$ 487.17  565.65  6.72

Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе жегін сәтті бастады

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов – 2025 жылғы әлем чемпионы және әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері. 

Фото: Prosports.kz
Фото: Prosports.kz

Қазақстан құрамасының өкілі Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда қазақстандық боксшы бразилиялық Кайян Рейспен кездесіп, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен басым түсті.

Осылайша Абылайхан Жүсіпов турнирдің ширек финалына жолдама алды. Ал оның қарсыласы Кайян Рейс жарысты аяқтады.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов – 2025 жылғы әлем чемпионы және әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері. 

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңі 21 маусымда мәресіне жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0