17.06.2026, 10:00

Бокстан Әлем кубогы: бүгін шаршы алаңға кім шығады?

Фото: olympic.kz

16 маусымда ел құрамасынан алты боксшы шаршы алаңға шықты. Оның төртеуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, екеуі қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогының екінші күні, 17 маусымда қазақстандық 3 боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл күні ел құрамасынан Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов, Сабыржан Аққалықов сынға түседі.

Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 09:00)

4-жұп. 60 келі. 1/8 финал. В рингі

Серік Теміржанов - Салим Еллис Бей (АҚШ)

9-жұп. 70 келі. 1/8 финал. В рингі

Абылайхан Жүсіпов - Кайан Рейес (Бразилия)

Кешкі сессия (Қазақстан уақытымен 15:30)

8-жұп. 80 келі. 1/8 финал. В рингі

Сабыржан Аққалықов - Жавохир Умматалиев (Өзбекстан, Әлем чемпионы).

Айта кетсек, 16 маусымда ел құрамасынан алты боксшы шаршы алаңға шықты. Оның төртеуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, екеуі қарсыластарына есе жіберіп қойды.