16.06.2026, 20:30

«Бұл – 35 жылдық еңбектің нәтижесі»: Головкин тарихи жетістігі туралы жазба жариялады

Фото: @gggboxing

Боксшының айтуынша, бұл жетістік 35 жылдан астам уақытқа созылған табанды еңбек, тәртіп пен мақсатқа адалдықтың нәтижесі.

Қазақстанның даңқты боксшысы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залының мүшесі атанғаннан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялап, бұл жетістіктің өзі үшін ерекше мәнге ие екенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Өздеріңіз білетіндей, осы аптада мен Халықаралық бокс даңқы залының құрамына ресми түрде енгізілдім. Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі ерекше сәт. Әлемдік бокстың ең ұлы тұлғаларымен бір қатарда аталу қандай маңызды екенін сөзбен жеткізу қиын», – деп жазды Головкин.

Боксшының айтуынша, бұл жетістік 35 жылдан астам уақытқа созылған табанды еңбек, тәртіп пен мақсатқа адалдықтың нәтижесі.

«Осы жолдың барлығында мен үлкен белестерді бағындыра алатыныма деген сенімімді ешқашан жоғалтқан емеспін. Осы жылдар бойы маған қолдау көрсеткен барша жанға шын жүректен алғысымды білдіремін», – деді ол.

Сондай-ақ Геннадий Головкин спорт тарихына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлғалардың қатарынан орын алғанын мақтан тұтатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, биыл Геннадий Головкин АҚШ-тың Канастота қаласында өткен салтанатты рәсімде Халықаралық бокс даңқы залының мүшесі атанды.