15.06.2026, 10:10

Джастин Гейджи жеңіл салмақтағы UFC-дің жаңа чемпионы атанды (ВИДЕО)

Фото: UFC

Жекпе-жек төртінші раундтан кейін аяқталды.

15 маусым, дүйсенбі күні UFC White House — Freedom 250 аралас жекпе-жек турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) UFC чемпионы, жеңіліп көрмеген 29 жастағы испан-грузин файтері Илия Топурия мен UFC-дің уақытша жеңіл салмақ чемпионы америкалық Джастин Гейджи кездесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жекпе-жек төртінші раундтан кейін аяқталды. Топурия алған ауыр соққылардың салдарынан соңғы бес минуттық раундқа шығудан бас тартты. Үшінші раундтан кейін оның көру қабілетінде қиындықтар туындағаны айтылды. Ал төртінші раунд аяқталған соң жағдайы одан әрі күрделене түскен.

Осылайша, Джастин Гейджи жеңіл салмақтағы UFC ұйымының толыққанды чемпиондық белбеуін иеленді.

Бұл кездесуден кейін Илия Топурияның ММА-дегі көрсеткіші 17 жеңіс пен 1 жеңіліске жетті. Ал Джастин Гейджидің еншісінде 28 жеңіс және 5 жеңіліс бар.

Кештің екінші басты жекпе-жегінде франциялық Сириль Ган ауыр салмақтағы UFC ұйымының уақытша чемпиондық белбеуі үшін өткен айқаста бразилиялық Алекс Перейраны нокаутпен жеңді.