$ 463.41  546.27  6.18

Ғұсман Қырғызбаев өзбек дзюдошысынан жеңіліп қалды

Тартысты белдесуде қарсыласы қазақстандық спортшыны «иппон» әдісімен ұтып, финал жолдамасын иеленді.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Ғұсман Кырғызбаев Астанада өтіп жатқан беделді Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирінде алтын медаль үшін таласты жалғастыра алмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп. 

Қазақстандық дзюдошы жартылай финалға дейін сенімді жетіп, алғашқы белдесуінде украиналық Вадим Черновты жеңген болатын. Алайда келесі кезеңде өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевқа жол берді.

Тартысты белдесуде қарсыласы қазақстандық спортшыны «иппон» әдісімен ұтып, финал жолдамасын иеленді.

Айта кетейік, 24 жастағы Абдурахим Нутфуллоев былтырғы маусымда Grand Slam сериясында екі бірдей жүлде жеңіп алған. Ол Моңғолиядағы кезеңде чемпион атанса, Грузиядағы жарыста қола медаль иеленген еді.

Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026 турнирі 8–10 мамыр аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0