$ 463.41  546.27  6.18

Роналду Сауд Арабиясындағы 100-ші голын соқты

«Әл-Наср» футбол клубы 33-тур аясындағы ойында «Әл-Шабабты» 4:2 есебімен жеңген. 

Фото: Reuters
Фото: Reuters

Матчтың 75-минутында Криштиану Роналду допты қақпа торында тулатты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл – 41 жастағы португалиялық шабуылшының Сауд Арабиясы чемпионатындағы 100-ші голы. Жұлдызды ойыншы сондай-ақ жалпы мансабында 971-ші рет мергендігімен танылып отыр. Футболшы 100 голдық межеге 105 матчта қол жеткізді. Енді мансабындағы 1000 голға дейін небәрі 29 гол қалған.

Жаза кеткен жөн, Роналду Эр-Риядтың клубына 2023 жылы еркін агент ретінде ауысып келді. 

Онда Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинестің Криштиану Роналду туралы пікірі берілген. Ол тәжірибелі шабуылшының орны талқыланбайтынын айтты. 
Яғни, Мартинестің сөзінше, 41 жастағы футболшы әлі де жоғары деңгейде доп теуіп жүр.

– Криштиану Роналдудың Португалия құрамасындағы орны ешқашан талқыға түспейді. Мен мансабымда күн сайын өзін жетілдіруге дәл осындай ынтамен кірісетін футболшыны көрген емеспін, – деп нақтылаған еді португалиялық маман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0