$ 463.41  546.27  6.18

Рим турнирі: Елена Рыбакинаның қашан өнер көрсететіні белгілі болды

Осының алдында Мадридте Ю.Путинцева Т.Валентовадан 4:6, 6:4, 6:3 есебімен басым түскен еді.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Рим (Италия) WTA 1000 турнирінде бастапқы кездесуін 8 мамыр күні өткізеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарысты екінші айналымнан бастайтын қазақстандық теннисші әлемнің 47-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен ойнайды.

Осыған дейін қарсыластар өзара алты рет кездесіп, соның бесеуінде Е.Рыбакина жеңген.

М.Саккари Римде алғашқы айналымда рейтингіде 92-орындағы аустриялық Лилли Таггерден айласын асырды – 5:7, 6:3, 6:0.

Грекиялық спортшыны жеңген жағдайда Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 33-ракеткасы, қытайлық Синьюй Ван немесе рейтингіде 42-орындағы Александра Эаланың қай жеңгенімен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 77-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымнан аса алмай қалды. Ол кеше рейтингіде 48-сатыдағы чехиялық, 19 жастағы Тереза Валентоваға жол берді – 3:6, 2:6.

Осының алдында Мадридте Ю.Путинцева Т.Валентовадан 4:6, 6:4, 6:3 есебімен басым түскен еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0