Рейтингте қазақстандық спортшыдан жоғары тек төрт файтер ғана орналасқан. А
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі жеңіліссіз сериясын сақтап келе жатқан үздік спортшылардың қатарында тұр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ұйымның ресми дерегіне сүйенсек, «Номад» UFC-де жеті жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Осы нәтижесі арқылы ол промоушендегі ең мықты жеңіліссіз файтерлер тізіміне енді. Бұл көрсеткіш бойынша Шавкат эквадорлық Майкл Моралеспен қатар тұр.
Рейтингте қазақстандық спортшыдан жоғары тек төрт файтер ғана орналасқан. Атап айтқанда, Наталия Сильва сегіз жеңіске жетсе, Илия Топурия мен Хамзат Чимаевтың еншісінде тоғыз жеңістен бар. Ал тізімді он жеңіспен Мовсар Евлоев бастап тұр.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы айқасын 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын. Сол кездесуде ол қарсыласына карьерасындағы алғашқы жеңілісті тарту етті.
Кейін жарақатына байланысты қазақстандық спортшы октагоннан уақытша алыстады. Қазір жанкүйерлер оның UFC-дегі келесі жекпе-жегін асыға күтіп жүр. Алдын ала ақпарат бойынша, Рахмонов жыл соңына қарай немесе келесі жылдың басында қайта оралуы мүмкін.