Егер бұл сыбыс рас болса, Махмұд Сабырхан 60 келі салмаққа ауысуы мүмкін.
Ттандық бокс жұлдызы Махмұд Сабырханға қатысты жаңа дерек тарады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. Saq Pro Team командасының бас бапкері Дәулет Нұрланұлының айтуынша, Махмұд жаңа салмаққа ауысуы мүмкін.
«55 келіде Сәкен Бибосыновтың Олимпиадаға жолдама алатын мүмкіндігі бар. Себебі, Махмұд Сабырхан жоғары салмаққа ауысады деген сыбыс бар. Салмақ қуудағы қиындықтар мен Азия чемпионатындағы жеңіліс әсер еткен сияқты», - деді бапкер Sports24.kz сайтына берген сұхбатында.
Егер бұл сыбыс рас болса, Махмұд Сабырхан 60 келі салмаққа ауысуы мүмкін.