Осылайша, Виктория Рогалиньска турнирдің ширек финалына жолдама алса, Назым Қызайбай жарыс жолынан шығып қалды.
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing Cup турнирінің алғашқы кезеңінде жарысты аяқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
54 келі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалда қазақстандық спортшы Польша өкілі Виктория Рогалиньскамен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысында төрешілер жеңісті 4:1 есебімен қарсыласқа берді.
Осылайша, Виктория Рогалиньска турнирдің ширек финалына жолдама алса, Назым Қызайбай жарыс жолынан шығып қалды.