$ 471.46  555.38  6.18

Теннистен Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингіде 7-орынға көтерілді

Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчында Канада құрамасын жеңген Қазақстан командасы 9-дан 7-орынға көтерілді. 

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Теннистен әйелдер ұлттық құрамаларының жаңартылған рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Астана қаласында Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчында Канада құрамасын жеңген Қазақстан командасы 9-дан 7-орынға көтерілді. 

Қазақстан құрамасының 2023 жылғы әлем чемпиондарын 3:1 есебімен жолдан тайдырып, қыркүйек айында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алғаны белгілі.

Әлемдік рейтингіде бұрынғыша Италия көш бастаса, Ұлыбритания екінші, Украина 8-ден бірден 3-сатыға көтерілді. Одан кейінгі орындарда Испания, Чехия тұр. 

АҚШ рейтингіде 2-ден 6-ға, Канада 4-тен 8-ге дейін құлдырады. Польша мен Жапония 9-10-сатыда. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0