14.04.2026, 13:00

Спортқа қайтып келген Арман Әшімов алдағы жоспарын айтты

Фото: ashimovarman92 парақшасынан

Әшімовтің айтуынша, Америкаға сапар жаз айларына жоспарланған.

Қазақстандық файтер Арман Әшімов алдағы жоспары туралы айтып, UFC-ге бірден өтуді көздемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Оның сөзінше, ол алдымен АҚШ-тағы  жалаң қолмен жұдырықтасатын жекпе-жек ұйымы Bare Knuckle FC-де дебют жасағысы келеді.

Әшімовтің айтуынша, Америкаға сапар жаз айларына жоспарланған.

«Маусымда немесе шілдеде Америкаға жиналып жатырмыз, құдай қаласа. Одан кейін қарай көреміз. Мен бірден UFC-де төбелескім келмейді. Алдымен Bare Knuckle-да төбелескім келеді – Конор Макгрегордың ұйымында. ММА бойынша да жұдырықтасамын, бірақ кулачный жекпе-жек маған адреналин береді, көбірек адреналин береді», - деді Арман Әшімов

Сондай-ақ қазақстандық спортшы UFC-ге апарар жалғыз жол Dana White’s Contender Series емес екенін атап өтті.

«Міндетті түрде Contender Series арқылы емес. Тікелей де келісімшартқа отыруға болады. Өзіме арналған төрт жылдық стратегиям бар», - деді ол.

Еске салайық, өткен аптада Арман Әшімов Алматыда өткен IBA Nomad 14 турнирінде өнер көрсетіп, Тәжікстан өкілі Дилшод Норкузиевті бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.