Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров жеңіске жетер алдында ерекше түс көргенін айтып берді. Оның сөзінше, ол атақты боксшы Геннадий Головкинді түсінде көірп, кездескен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Спортшы кейде бәрі сәтсіз болып жатқандай көрінетін күндердің болатынын жасырмады. Алайда сондай сәттерде де алға жылжуды тоқтатпау маңызды екенін атап өтті.
«Бір күні Геннадий Геннадьевич туралы бірдеңе көрдім: деректі фильм бе, әлде сұхбат па – нақты есімде жоқ. Содан кейін түсімде біз бір конференц-залда кездескендей болдық. Ол Азия ойындарында киген пальтосымен тұрды», – дейді Шайдоров.
Оның айтуынша, дәл сол түс жарыс алдында ерекше мотивация берген. Еркін бағдарламаға шығар сәтте ол Головкинді көз алдына елестетіп, бұл оған қуатты серпін сыйлаған.
«Сахнаға шыққанда Геннадий Геннадьевичті елестеттім. Білмеймін, бірақ бұл маған ерекше күш берді. Бір энергия, бір аура мені толық қамтығандай болды. Бұл – сөзбен айтып жеткізу қиын эмоциялар», – деп бөлісті чемпион.
Спортшының бұл әңгімесі жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, көпшілігі оны мотивацияның ерекше үлгісі ретінде бағалап жатыр.