$ 482.53  555.44  5.92

Шерхан Қалмырза Украинаға қарсы ойында алаңнан қуылды (ВИДЕО)

Айта кетейік, Қазақстан алғашқы турда алаң иесі Румынияны 2:0 есебімен жеңген еді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Румынияның Буфта қаласында өткен Еуро-2026 турнирінің U-19 құрамалары арасындағы элиталық іріктеу кезеңінде Қазақстан жастары Украинаға 0:3 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Матчтың шешуші сәті 30-минутта орын алды: қақпашы Шерхан Қалмырза айып алаңы сыртында қарсылас шабуылшысын тоқтатып, қызыл қағаз алды. Оның орнына қақпаға Саятхан Құсайынов шықты. Сан басымдығын пайдаланған Украина бірінші тайм соңында Владислав Тютюновтың голымен алға шықты. Екінші таймда Александр Каменский мен Дмитрий Богданов мергендік танытып, есепті 3:0-ге жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан алғашқы турда алаң иесі Румынияны 2:0 есебімен жеңген еді. Сергей Лабодовский шәкірттері 31 наурыз күні Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Топ жеңімпазы ғана Еуро-2026 финалдық кезеңіне жолдама алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#футбол #спорт