29.03.2026, 09:30

«Қайрат» ресейлік командадан ұтылып қалды

Фото: kazfootball.kz

Екінші таймда ойын барысы айтарлықтай өзгерген жоқ. "Зенит" матчты толық бақылауда ұстап, алматылық ұжым есепті қысқартуға мүмкіндік таба алмады.

Алматылық "Қайрат" Санкт-Петербург қаласында өткен жолдастық матчта жергілікті "Зенитке" қарсы ойын өткізді. Кездесу "Газпром Арена" стадионында ұйымдастырылды. Матчтың алғашқы минуттарынан бастап алаң иелері ойын тізгінін өз қолына алып, 12-минутта есеп ашты. Бұрыштама добынан кейін қорғаныста жіберілген қателікті тиімді пайдаланған Нино қақпаны дәл көздеді - 1:0.

21-минутта Юрий Горшков қаптал арқылы сәтті өтіп, нәтижелі пас берді. Ал Александр Соболев шабуылды дәл соққымен аяқтап, есеп айырмасын ұлғайтты. Бірінші таймның қалған бөлігінде ресейлік клуб бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды.

Жолдастық матчта "Зенит" 2:0 есебімен жеңіске жетті.  

Екінші таймда ойын барысы айтарлықтай өзгерген жоқ. "Зенит" матчты толық бақылауда ұстап, алматылық ұжым есепті қысқартуға мүмкіндік таба алмады.

Айта кетейік, "Қайрат" келесі ресми кездесуін 5-сәуір күні өткізеді. Қазақстан Премьер-Лигасының төртінші туры аясында алматылық клуб өз алаңында "Астананы" қабылдайды.

Тегтер: Қайрат футбол