26.03.2026, 10:40

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Фото: Alex Pantling/Getty Images

Биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ширек финалда Рыбакина америкалық Джессика Пегуламен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жеңімпаз 1 151 380 доллар сыйақы алып, 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Жартылай финалда Рыбакина Арина Соболенко (WTA №1) мен Хэйли Баптист (WTA №45) арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.