17.03.2026, 15:40

«Қазақтардан жақын бауыр жоқ»: Шешен жаттықтырушысының сөзі көптің жүрегін жаулады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Олар нағыз ақкөңіл халық.

КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрес маманы Салим Нуцалханов қазақ халқы туралы жылы пікір білдірді. Ол: «Біз үшін қазақтардан жақын бауыр жоқ» деп атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Бұл сөздер қазақ халқына тән бауырмалдық, кеңпейілділік пен қонақжайлықтың айқын көрінісі ретінде қабылданды. Қазақтың бір-біріне деген жанашырлығы мен өзге халықтарға деген құрметі әрдайым ерекше бағаланып келеді. Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та халықтар арасындағы өзара түсіністік, достық пен ынтымақтастықтың маңызын бірнеше рет атап өткен еді.