Бұл бастама компанияның ұлттық спортты қолдау және Қазақстанда электромобиль мәдениетін дамыту стратегиясының бір бөлігіне айналды.
Алматыдағы экологиялық компания Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа оның спорттағы айрықша жетістіктері мен қазақстандық спортты халықаралық деңгейде насихаттауға қосқан үлесін бағалап, электромобиль табыстады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл бастама компанияның ұлттық спортты қолдау және Қазақстанда электромобиль мәдениетін дамыту стратегиясының бір бөлігіне айналды.
Елдің жетекші спортшыларын қолдау арқылы компания қоғам назарын экологиялық көлікке және түтінсіз қалалардың болашағына аударуды да мақсат етеді.
Компания зарядтау станциялары желісін кеңейтуді жалғастырып, заманауи технологияларды енгізу арқылы Алматы тұрғындары үшін экологиялық көлікті барған сайын қолжетімді етіп келеді.