Қазақстан атынан тек Диас Жиренбаев барады.
Миланда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Прагада өтетін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына алдын ала берілген тізіміне енбей қалды. Бұл туралы Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми сайты жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап. Чехия астанасында әлем чемпионаты 24-29 наурыз күндері аралығына өтеді деп жоспарланған. Ерлер арасындағы жекелей сында 36 спортшы тіркелсе, Қазақстан атынан тек Диас Жиренбаевтың есімі енді. 21 жастағы Шайдоров Миланда өткен Олимпиадада ерлер арасындағы жекелей сында 291,58 ұпай жинап, сенсациялық түрде чемпион атанған еді. Бұл Қазақстанның 1994 жылдан бергі қысқы Олимпиададағы алғашқы алтын жүлдесі болып отыр. Олимпиададан кейін елге оралған Михаил Шайдоровты мемлекет басшысы марапаттады. Бұдан бөлек, оған Астана қаласынан үш бөлмелі пәтер берілген.