26.02.2026, 12:00

Криштиану Роналду мансабындағы 965-голын соқты

Фото: CNN

"Аль-Наср" Сауд Арабиясы чемпионатының 24-турында сырт алаңда "Аль-Наджма" командасын ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бурайда қаласында өткен кездесу қонақтардың 5:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Дубль авторы - Иньиго Мартинес. Сонымен қатар Кингсли Коман, Садио Мане және пенальтиден гол соққан Криштиану Роналду мергендігімен көзге түсті.

41 жастағы Роналду үшін бұл гол мансабындағы 965-ші нәтижелі соққы болды.

Осылайша Криштиану Роналду қатарынан төрт матчта гол соғып келеді. Бұл маусымда оның еншісінде 21 гол бар. Португалиялық шабуылшы үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орында тұр.

Ал, 58 ұпай жинаған "Аль-Наср" турнирлік кестеде бірінші орынға жайғасты. Ал "Аль-Наджма" (8 ұпай) 18-орында.