Айта кетейік, бұған дейін балуанның мамыр айында Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысатыны хабарланған еді.
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов қазіргі таңда өзіне жетекшілік етіп жүрген бапкері туралы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Белгілі балуан бұған дейін күнделікті жаттығу қарқынын күшейтіп, спорттық бабына қайта келу үшін бар күшін салып жатқанын жеткізген болатын.
«Бүгінгі таңғы жаттығу Жандос Сметовтің жаттығуларымен басталды», — деп жазды спортшы.
Қазіргі уақытта таңғы жаттығуларын фитнес залда өткізіп жүрген Елдос Сметов осы сәттен бейнежазба да жариялады.
Айта кетейік, бұған дейін балуанның мамыр айында Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысатыны хабарланған еді. Оның айтуынша, ол өткен жылы ел чемпионатынан кейін қайтадан жүйелі жаттығуға кіріскен. Сондай-ақ, Елдос Сметов белдесетін 60 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Аман Бақытжан Парижде өткен Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болған.