$ 498.65  589.06  6.49

Бүгін футбол жұлдызы Криштиану Роналду 41 жасқа толды (ВИДЕО)

Роналдо мансабында «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Ювентус» командаларында да ойнаған.

Бүгін, аты аңызға айналған шабуылшы Криштиану Роналду 41 жасқа толды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Португалиялық футболшы 1985 жылы 5 ақпанда туған.

Футбол үшін бұл — әжептәуір жас саналғанымен, Cristiano Ronaldo әлі де тамаша бабында және мансабын аяқтау туралы ойламайтыны анық. Португалиялық шабуылшының 1000 гол межесін бағындыруға мүмкіндігі жоғары. Қазір оның еншісінде 961 гол бар.

Криштиану Роналду мансабы барысында бес рет Ballon d'Or жүлдесін жеңіп алған. Сондай-ақ ол үш жылдан астам уақыттан бері Al-Nassr FC клубында өнер көрсетіп келеді.

Picture background

Кей деректерге қарағанда, футболшы клуб басқару жүйесіне көңілі толмайды деген әңгіме бар. Алайда сәрсенбі күні Роналду жаттығудан фото жариялаған болатын.

Алдағы жазда ол FIFA World Cup турнирінде Portugal national football team құрамасы сапында алаңға шығуы тиіс.

Роналдудың “CR7”, “КриРо” деген лақап аттары бар.

Роналдо мансабында «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Ювентус» командаларында да ойнаған. Ол бес рет Чемпиондар лигасын және бес рет «Алтын допты» жеңіп алды. 2016 жылы шабуылшы Португалия құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанды.

Роналду кәсіби мансабында 923 гол соққан. Оның 788-і клубтық деңгейде, 135-і ұлттық құрама сапында. Криштиану футбол тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі болып саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0