$ 498.65  589.06  6.49

Асу Алмабаевтың UFC-дегі басты жекпе-жегі өтпейтін болды

Спортшының командасы ресми пікір білдірмеді

Фото: bizmedia.kz
Фото: bizmedia.kz

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (23-3) UFC-дегі кезекті жекпе-жегіне қатыса алмайтын болды. Бұл туралы америкалық инсайдер Krazy Kevin және бірқатар өзге дереккөздер мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, Алмабаев 1 наурыз күні Мехикода (Мексика) өтетін UFC Fight Night 268 турнирінің басты кездесуінде мексикалық, екі дүркін экс-чемпион Брэндон Мореномен (23-9-2) жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда соңғы ақпараттарға сәйкес, қазақстандық спортшы бұл жекпе-жектен шығып қалған.

Қазіргі уақытта Алмабаевтың турнирден бас тартуына не себеп болғаны ресми түрде жарияланбады. Сондай-ақ спортшының командасы мен UFC ұйымы да жағдайға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Асу Алмабаев UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде 7-орында тұр. Сарапшылардың пікірінше, Мореноны жеңу қазақстандық файтерге титул үшін айқасқа жақындауға мүмкіндік берер еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0