Қайта жабылып дайындап әкеліңдер
Аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар ММА-дегі дебютінде жеңілген өзбекстандық Шахзод Узоковты қолдауға шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Естеріңізде болса, «Gold» лақап атымен танылған спортшы Ташкенттегі OCTAGON 84 турнирінде 21 жастағы әзербайжандық Мухаммадали Нурусовтан (рекорды - 2-0) нокаутпен ұтылды. Осы жағдайдан соң Еркебұлан өзбек файтерін дайындығын үдетуге шақырды.
«Әлеуметтік желіні ашсаң болды, «Gold-ты» сынап жатқан біреу. Жекпе-жек алдында қолдағандардың бәрі енді одан теріс айналып жатыр. Баланы сындырып жатыр. Ол дұрыс емес. Қайта қолдау көрсетіңдер. Дайындалсын, шыңдалсын, бір-екі жекпе-жекте ұтып тәжірибе жинасын, уақыт беремін. Бізде сондай, жеңіп келе жатып, бір рет жеңілсең, таптап кетеді. Сондықтан оны қолдаңыздар. Екеуміз кездесуіміз керек. Төбелесейік, ұрып алатын баланы алдын ала сындырып тастамаңдар. Қайта жабылып дайындап әкеліңдер», - деді Тоқтар.