Финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі.
Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің финалына шықты. Жартылай финалда ол америкалық теннисші Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Теннисшілер кортта 1 сағат 42 минут өткізді.
Финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. Ол жартылай финалда украиналық Элина Свитолинаны жеңген болатын. Финалдық кездесу 31 қаңтар күні Қазақстан уақытымен 13:30-да басталады.
Айта кетейік, Australian Open-2026 турнирі 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтуде. Турнирдің жалпы жүлде қоры 74,9 миллион АҚШ доллары. Ал жекелей сынның жеңімпазы 2 793 365 доллар сыйақы және 2000 рейтингтік ұпай алады.