22.01.2026, 12:20

«Автобөлшек емес қой»: Нұрлан имам жынысын ауыстыратын еркектер туралы (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Қазақта жоқ әдеттің бәрі келіп болды ғой, масқара

Танымал дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы "ALQA" радиосының эфирінде тыңдарманның ерекше сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Ол ауыстыратын автобөлшек емес қой. Камаз камаз болып, танк танк болып, трактор трактор болып қалуы керек. Велосипед ешқашан трактор бола алмайды. Тура сол сияқты әр нәрсе өз орнында қалу керек. Алла тағала еркек қылып жаратты ма, еркек болып қалу керек. Қазір заман ауысып, адамдар өзгеріп жатыр. Егер ауыстыратын болса, ми ауыстырған дұрысырақ, жеңілірек болатын шығар. Сана берсін. Біздің қазаққа мұндай дүние келмейді деп едік. Бара-бара біздің де етіміз үйреніп бара жатыр. Негізі жақсы нәрсе емес, харам. Тиіспеу керек, тұрған нәрсе тұрсын», — деді имам.

Әлеуметтік желіде тараған бұл видеоны желі қолданушылары қызу талқылауда. 

«Қазақта жоқ әдеттің бәрі келіп болды ғой, масқара», «Алла берген мүшені қалай ауыстырады», «Сұрайтын басқа нәрсе қалмады ма», «Өте нашар сұраққа қандай керемет жауап», «Сұрағын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Түбегейлі ауыстыру емес, өзгерту дегесі келген сияқты. Қазір үлкейтетін, ұзартатын неше түрлісі бар ғой», — деп жазды олар.