14.01.2026, 16:20

Әуесқой мен кәсіпқой рингтің жұлдыздары: Сәпиев пен Кроуфорд кездесті

Фото: serik_sapiyev парақшасынан

Танымал спортшы бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, Қазақстанның Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті Серік Сәпиев әйгілі америкалық кәсіпқой боксшы Теренс Кроуфордпен кездескенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Танымал спортшы бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті. Айтуынша, ол әлем чемпионаты аясында кәсіпқой бокста әлі күнге дейін жеңіліс көрмеген, бірнеше салмақта абсолютті әлем чемпионы атанған Кроуфордпен жүздескен.

«Жеңіліссіз келе жатқан кәсіпқой боксшы, абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфордпен әлем чемпионатында жолықтық. Ортақ қарсыластарымыз жайлы әңгіме өрбіттік: мен олармен әуесқой бокста кездескен болсам, ол кәсіпқой рингте сынға түскен», – деп жазды Серік Сәпиев.

Айта кетейік, Серік Сәпиев – Лондон Олимпиадасының алтын жүлдегері, қазақ боксының тарихында өзіндік із қалдырған саңлақтардың бірі. Ал 2025 жылдың желтоқсан айының соңында Теренс Кроуфорд кәсіби мансабын аяқтайды деген қауесеттерге ресми түрде нүкте қойып, спорттан кету туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.