$ 509.94  593.88  6.43

Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов 27 жасында карьерасын аяқтады

Артынша Бекзат Нұрдәулетовтің бокс мектебіне директор болып тағайындалғаны белгілі болды. 

Фото: SportNur.kz
Фото: SportNur.kz

Бокстан Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов 27 жасында өз мансабын аяқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов мәлімдеді. 

"Бокстан әлем чемпионы, ауыр салмақтағы ұлттық құрама мүшесі маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетов спорттық мансабын аяқтады. Айта кетейік, ол жастар арасындағы әлем чемпионатының қола, ересектер арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері. Токио олимпиадасының қатысушысы. Бірақ Бекзат бокстан алыс кетпейді. Енді саланың маманы ретінде іске кірісіп, аймақ спортын дамытуға үлес қоспақ", - дейді журналист. 

Артынша Бекзат Нұрдәулетовтің бокс мектебіне директор болып тағайындалғаны белгілі болды. 

"Бокстан әлем чемпионы әрі елімізге еңбек сіңірген спорт шебері Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаңдағы мансабын аяқтап, сала маманы ретінде басшылық жұмысқа тағайындалды. Яғни, бұдан былай Маңғыстау облысы бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры қызметін атқарады. Айта кетейік, осыған дейін аталмыш лауазымда Әділбек Ниязымбетов болған еді. Сәттілік!", - деп жазды журналист. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары