Жанкүйерлер жас жұпты өміріндегі айтулы оқиғамен жарыса құттықтап жатыр.
Алматылық «Қайрат» клубының қорғаушысы Александр Мрынский Ангелина есімді бойжеткенмен шаңырық көтерді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жанкүйерлер жас жұпты өміріндегі айтулы оқиғамен жарыса құттықтап жатыр.
Александр Мрынский – «Ақтөбе» футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын 2021 жылы «Қайрат» сапында бастаған жас қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасында 2023 жылғы 21 мамырда «Қайсарға» қарсы матчта дебют жасады. Ол кездесу алматылықтар үшін сәтсіз аяқталып, есеп 0:3 болды.
Ал 2025 жылдың 15 шілдесінде Мрынский еурокубоктардағы алғашқы голын Словенияның «Олимпия» клубының қақпасына соғып, «Қайраттың» 2:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты. Бұл матч УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында өткен. Айта кетерлігі, дәл сол күні Александр 21 жасқа толған еді.
Жас футболшы «Қайрат» құрамында 2024 және 2025 жылдары Қазақстан чемпионы, ал 2025 жылы Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.
Сондай-ақ Александр Мрынский 2022 жылғы 7 маусымда Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы сапында дебют жасап, Әзербайжан U-19 құрамасына қарсы ойында (1:1) алаңға шыққан.