Е.Рыбакина Шэньчжэнь қаласында 26-28 желтоқсан аралығында Құрлықтық әлем кубогында бақ сынайды.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина World Tennis Continental Cup көрме турниріне қатысу үшін Қытайға барды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық теннисшіні жанкүйерлер әуежайдан ыстық ықыласпен күтіп алды.
Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда теннисшінің Қазақстан Республикасы азаматшасының көк төлқұжатын ұстап тұрғаны анық көрінеді. Бұдан бұрын Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев Е.Рыбакинаның Мәскеуде тұратыны, оның Ресей азаматы екендігі, тек спортшы ретінде Қазақстан атынан шығатыны туралы мәлімдеген болатын.
Е.Рыбакина Шэньчжэнь қаласында 26-28 желтоқсан аралығында Құрлықтық әлем кубогында бақ сынайды.
Қазақстандық спортшы 26 желтоқсан күні әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі. 28 желтоқсанда швейцариялық, Токио Олимпиадасының чемпионы Белинда Бенчичпен кортқа шығады. Сондай-ақ ресейлік Андрей Рублевпен бірге Ига Швентек – монаколық Валентен Вашеромен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 14 жастағы Ахмади Мақановтың Еуропада үздік ойыншы атанғанын жазған едік.