$ 515.02  604.22  6.5

Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA рейтингінде көтерілді

Бұған дейінгі орны 115 еді. 

Фото: ҚФФ
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жоғары көтерілуіне қараша айында Бельгиямен тең тарқасқаны себеп болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (FIFA) футболдан ерлер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингінде еліміз 114-орынға көтерілді. Бұған дейінгі орны 115 еді. 

Талғат Байсуфиновтың шәкірттері 2 матч өткізді. 15 қарашада Қазақстан өз алаңында Бельгия құрамасымен 1:1 есебімен тең түсіп, бір ұпай еншілеген еді. Ал 18 қарашада Фарер аралдарымен жолдастық кездесу өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Бірақ, бұл ойынға қосалқы құрам ойыншылары қатысты деуге болады. Ал азулы қарсылас Бельгиямен тең есеп тіркеуі рейтингтегі орнын сәл де болса, жақсартып отыр.  

Соңғы ФИФА рейтингі бойынша ТОП-10 ұлттық құрама: 
1 (1). Испания – 1877.18;
2 (2). Аргентина – 1873.33;
3 (3). Франция – 1870;
4 (4). Англия – 1834.12;
5 (6). Бразилия – 1760.46;
6 (5). Португалия – 1760.38;
7 (7). Нидерланд – 1756.27;
8 (8). Бельгия – 1730.71;
9 (10). Германия – 1724.15;
10 (11). Хорватия – 1716.88.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары