$ 513.55  602.09  6.42

Даңқты балуан Ақжүрек Таңатаров лауазымды қызметке тағайындалды

Даңқты балуан бұл қызметке грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жалпы жиналысында сайланды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Олимпиада  ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Танатаров Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Даңқты балуан бұл қызметке грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жалпы жиналысында сайланды.

“Спорттағы мол тәжірибесі, жоғары жетістіктері мен кәсібилігі отандық күрестің дамуына зор үлес қосады деп сенеміз. Ақжүрек Танатарұлына жауапты қызметінде табыс тілейміз!” – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Ақжүрек Танатаров еркін күрестен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері. Сонымен қатар, 2017 жылғы Әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Дәл сол жылы Азия чемпионатында топ жарды.

Спортшы 2018 жылы үлкен спорттағы мансабын аяқтаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары