$ 513.55  602.09  6.42

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлына қатысты жағымсыз хабар шықты

Бұған дейін Жәнібек дивизиондық тізімнің көшін бастап тұрған еді.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Белгілі америкалық The Ring журналы қазақстандық кәсіпқой боксшыны өз рейтингінен алып тастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұған дейін Жәнібек дивизиондық тізімнің көшін бастап тұрған еді. Алайда допинг-тестің оң нәтижесіне байланысты ол үздіктер қатарынан толық шығарылды.

«Бұрын рейтингте бірінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы осы айдың басында алынған VADA допинг-тестінің қолайсыз нәтижесінен кейін тізімнен алынып тасталды. Соның нәтижесінде қалған боксшылар бір сатыға көтерілді, ал Хесус Рамос-джуниор алғаш рет рейтингке еніп, 10-орынға жайғасты», — деп жазады The Ring.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары